"Қазақтелеком" АҚ мен Торайғыров университет академиялық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 

Келісімге қол қою рәсіміне Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов және "Қазақтелеком" АҚ өңірлік телекоммуникациялар дирекциясы бас директорының орынбасары Рүстем Әбеуов қатысты. Жасалған меморандумның арқасында ЖОО студенттері Қазақстандағы ең ірі байланыс операторының кәсіпорындарында тәжірибеден өтетін болады.

Торайғыров университетінің студенттері мен қызметкерлері үшін Рүстем Әбеуов ақпараттық-коммуникациялық қызметтер саласындағы ынтымақтастық перспективалары туралы дәріс оқып, интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін "Қазақтелеком" АҚ іске асырып жатқан жобалар туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, бүгінде компания GPON/XG PON және FWA технологияларын белсенді енгізуде.