Торайғыров университетінде Мiss TOU-2022 байқауы аяқталды. 

​​​​​​​​​​​

​​​​​​​​​​​

​​​​​​​​​​​

​​​​​​​​​​​

​​​​​​​​​​​

​​​​​​​​​​​

​​​​​​​​​​​

​​​​​​​​​​​

11 қатысушы ақтық мәреге жолдама алып, «Мисс университет» атағын алуға бақтарын сынады. Қыздар оқу орнының бас сахнасында «Таныстыру», «Шығармашылық» және дефиле байқаулары бойынша өнерлерін көрсетті. 

Конкурс нәтижелері бойынша Айерке Мәже жеңіске жетті. Үш бірдей қатысушы  «Вице-мисс» атанды: 1 орын - Үмітжан Мұхамедрахым, 2 орын - Дильназ Кенесова, 3 орын - Анна Куц.
Шараны университеттің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер, сонымен қатар, жастар ісі жөніндегі департамент ұйымдастырды. Айта кетейік, қазылар алқасының құрамында 
бизнес, fashion-индустрия, БАҚ және өзге де салалардың өкілдері болды.

Ал жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. Мiss TOU-2022 қатысушылары бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Бойжеткендерді құттықтаймыз!