ToU рок-бэнді «Гүлдене бер, Алматы» фестиваліне қатысты. Павлодарлық рокерлер «The best punk rock band» аталымы бойынша үздік атанды. 

 

Фестивальға  Михаил Дунаев «Corrado» тобымен қатысып, All the small things, The kill, I do not care композицияларын және Евгений Токин Europe Final композициясын орындады.

- Музыканттарымыздың шығармашылығы фестиваль ұйымдастырушыларының көңілінен шықты. Біз оқу орнымыздың талантты жастарына қолдау білдіреміз, - дейді ЖОО ректоры Еркін Садықов. 

Сахна төрінде 14 рок-бэнд өнер көрсетті. Фестиваль тазалықты қолдау мен қоқыс пен қалдықтарды дұрыс сұрыптау тақырыбына арналды. 

Еске сала кетсек, шараны @plastnet экокомпаниясы қолдап, қоқысқа арналған бокстарын алып келді. Акция шеңберінде қонақтар мен студенттердің көмегімен 84 келі қоқыс жиналды.