Торайғыров университетінде ақын Татьяна Зотованың «Калейдоскоп из осколков» жинағының тұсаукесері өтті.

Шараны Beisembayev Library мен филология кафедрасы ұйымдастырды.

Шығармашылық кездесуге Торайғыров университеті,  ToU жоғары колледжі, Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары мен студенттері және М. Қанапьянов атындағы Жоғары колледжі әдеби клубының мүшелері қатысты.

Ақын дәрігерлікті меңгерген соң әдебиет өнеріне келгені туралы айтып берді.

- Дәрігер жұмысы ыждағаттылықты талап етеді. Мен сырқатыма байланысты науқастарыма көңіл бөле алмадым. Сондықтан, өзімді әдебиеттен таптым. Алдымен проза жаздым, кейін поэзияға бет бұрдым.

Студенттер автордың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал кейбіреулері автордың қолтаңбасы қойылған жинақты алды.

Шара барысында ақынның жақын досы Олег Миляев бейнежазба арқылы құттықтауын жолдады. Бұл Татьяна Зотова үшін тосынсый болды. Олег Миляев "Бессонница" атты өлеңін жазып жіберді.