Торайғыров университетінің базасында оқушылар арасында көптілділік бойынша облыстық олимпиада өтті. 
Шараға облыс қалалары мен аудандарының 74 оқушысы қатысты. 

Олимпиада облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе ұйымдастырылды. 

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Нұрлан Ержанов жас буын өкілдерін көптілділікке оқыту моделіндегі олимпиаданың маңызын алға тартты. 
Көптілділік олимпиадасын өткізуге шет тілі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жанарсын Қапенова мұрындық болды. 

- Көптілділік олимпиадасы оқушыларға қазақ, орыс және шет тілдері бойынша білімдерін көрсетіп, коммуникациялық және шығармашылық дағдыларын ортаға салатын алаң, - дейді спикер. 
Зияткерлік шараға қызығушылық танытқан оқушылардың белсенділігі жоғары.