Торайғыров университетінің студенттері ҚР Қорғаныс күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысты.

 

"Айбынды Әскер" әскери-патриоттық акциясы еліміздің бірнеше аймағында бастау алды.

Естай атындағы мәдениет сарайының жанында көшпелі көрме ұйымдастырылды. Қалалықтардың назарына әскери техника мен әскери қарудың 14 данасы көрсетілді.  Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымдары да өнер көрсетті.

Генерал-майор Мұқан Дүйсекеев өз сөзінде жастардың патриоттық тәрбиесі мен Отан алдындағы борышын өтеу жөнінде айтты.

Шараны өткізудегі мақсат - әскери қызметтің имиджін көтеру және жастарды борышын өтеуге ынталандыру.