Торайғыров университетінде кинокоучинг өтті. Студенттер «Гаттака» фильмін көріп, мазмұнын сарапқа салды. 

 

Еске сала кетсек, алдағы уақытта 21 туындыдан құралған киносеминарлар сериясы өтеді. Шаралар жеке тиімділік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған. 

Осы жолғы тренингті “MVP- center”стартап-студиясының жетекшісі, ToU краудфандинг алаңы мен бизнес-инкубатордың негізін қалаушы, бизнес-тренер/коуч Қуаныш Досмағұлов өткізді. 

Кинокоучинг барысында жастар пікірлесіп, фильм негізіндегі мысалдарды сараптайды. Студенттер фильмдерді тәжірибе жүзінде сараптауды үйренді. Киносеминарға кез келген адам қатыса алады.