Орталық-Еуропа университетінің профессоры Мария Ольшанская және Торайғыров университетінің профессоры Александр Белый «Декарбонизация: бұл не және неге баршамыз үшін маңызды» тақырыбында дәріс өткізді. 

 

 

Спикерлер жаһандық климаттың өзгеру себептері туралы айтып берді. Климаттың өзгеруі жөніндегі Мемлекетаралық сарапшылар тобының алтыншы баяндамасы Қазақстандағы климаттың өзгеру үдерісі, декорбанизациялаудың корпоративті стратегияларының үлгілері мен оларды құрудың әдістемелік құралдары. 

 

Профессорлар климаттық қаржыландырудың қажеттілігі туралы айтып,  «жасыл» жобаларды қолдау туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, Қазақстандағы «жасыл» жобаларды қолдау мехиназмдері мысалға келтірілді. 

 

Торайғыров университеті декорбанизациялаудың өз стратегиясы бар және жобалар мен шараларды жүзеге асыруға қауқары жеткілікті. Бұл бағытта география және туризм кафедрасының жұмысы жалғасын табады. Кафедра Қазақстанда қабылданған міндеттерді орындайды, яғни, 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптылыққа жетуге ат салысады.