Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Римма Уәлиева «Қазақстанның алтын кітабы» жиынтығына енді. 

Альманахта еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар туралы очерктер көрініс тапқан. Басылымда саясат пен бизнес, қоғамдық өмір, спорт пен ғылым, өнер әлемі, ағарту мен медицина салалары өкілдері туралы мәліметтер жинақталған. 

Римма Уәлиева Қазақстанның ТОП-100 тізіміне «ЖОО педагогтары-2021» аталымы бойынша енген үздік оқытушылардың қатарында. 

2021 жылдан бері бидайдың сапасы мен астық көлемін арттыру бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру шеңберінде «Солтүстік-Шығыс Қазақстанда жаздық бидайдың деструктивті биотасы (фитофагтар мен фитопатогендер) экологиялық фитосанитарлық жүйесін әзірлеу» жобасына жетекшілік етеді. Ғалым, сонымен қатар, «Rimma cosmetics» сауда брендімен табиғи органикалық косметиканың рецептурасын әзірлеген.