Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында павлодарлық колледж және жоғары оқу орындары оқытушылары аясында Торайғыров университетінде ректор кубогына турнир өтті.

Спортшыларды ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Нұрлан Ержанов қарсы алып, сөз сөйледі.

Қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Бірінші орында Павлодар қаласы колледждерінің құрамасы жеңіп алды. Екінші орын Торайғыров университетінің волейболшыларына бұйырды. Үздік үштікті Павлодар педагогикалық колледжі түйіндеді.

Жеке есепте: «Үздік ойыншы» -  Қанат Жолан (колледждер құрамасы), «Үздік шабуылшы» – Жалғас Нұрланов (Торайғыров университет), «Үздік қорғаушы» – Ольга Козлова (ИнЕУ).

Спортшылар құрмет грамоталары және ақшалай сертификаттарға ие болды.