Павлодар облыстық филармониясына биыл 75 жыл. Оның тарихы 1946 жылдан басталады. Осы уақыт аралығында филармония музыкалық мәдениеттің орталығына айналды. Филармония қабырғасында шығармашылық пен өнерге деген махаббат үйлесім тапты, орындаушылық шеберліктің игі дәстүрлері қалыптасып, сақталды.

Университет атынан шығармашылық ұжымды орындаушылық өнер кафедрасының оқытушылары құттықтады.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Шахимардан Әбілевтің Рүстембек Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі мен симфониялық оркестрмен бірге қатысуы мерекелік концерттің көрігін қыздырды.

Бүгінде филармония әлемдік деңгейдегі жұлдыздар мен өнерге жаңадан қадам басқан әртістерді тартатын шаңырақ болып саналады. Концерттік бағдарламалар мен фестивальдер Қазақстанның ғана емес, әлемнің мәдени өмірінде маңызды орынға ие.