Бүгін «Торайғыров университетіне» белгілі қазақстандық киноактер, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Театр өнері факультетінің оқытушысы Әбу Ергенбай Бәкірұлы келді.

Шығармашылық іс-шара аясында актер мен кездесуге қатысушылардың арасында Қазақстанның қазіргі заманғы киносы, қазақстандық кинематографтың үрдістері туралы қызықты әңгіме өтті.

Шебер өзінің көркемдік қолтаңбасы мен шығармашылық даралығын, фильмдері туралы,ізденістері туралы айтып берді, бай практикалық, шығармашылық тәжірибесімен және актерлік шеберліктің кейбір құпияларымен бөлісті.

Кездесуде қонаққа көптеген сұрақтар қойылды, оларға актер қуана жауап берді.

Университеттің студенттері мен оқытушыларын рөлдерге дайындық жүйесі қандай болуы керек, театр мен кинодағы жұмыстың айырмашылығы неде, әртістің қандай қасиеттері болуы керек деген сұрақтар қызықтырды.

Жалпы, әңгіме өте қызықты және тартымды болды.