Қойылған күні : 31.01.2014
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры С.М.Өмірбаев мырзаға Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері А.С. Безугловтан Құрметті Серік Мәуленұлы! Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ісінде атқарып жатқан қажырлы еңбегіңізге зор алғысымды білдіре отырып, Сізге зор денсаулық пен шығармашылық табыстар тілеймін. Мен, Безуглов Андрей Сергеевич, 2012 жылғы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша түлегімін және сол жылы аталған университеттің «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша магистратураға түстім. Магистратурада оқу барысында қалалық, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, сайыстарға ат салыса қатысып, республикалық диплом жобалары сайысының және халықаралық ІІІ диплом жобалары сайысының жеңімпазы атандым. «Толықтырушысы бар ірі жер қабаттарындағы іргетасты есептеу» тақырыбы бойынша ғылыми жобаны жүзеге асыруға бағытталған жұмысым жаңа білім мен дағдыларды игеруге талпынысымның дәлелі бола алады. Аталған жұмыс аясында құрылысы бойынша біртекті емес топырақтың механикалық қасиетін зерттеуге байланысты 200-ден аса тәжірибелер жасалды. Сондай-ақ мақалаларым ХІ және ХІІ халықаралық Сатпаев оқулары жинақтарында бірнеше мәрте жарық көрді. Мен 2012 жылғы 24 желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты атандым. Қазіргі уақытта Лондон қаласындағы INTO City University тіл орталығында ағылшын тілін жетілдіріп жатырмын. Шет елдік білімнің маңызын түсіне отырып, екі оқуды бір уақытта үлгеруге тырысып жатырмын. Оқу арасындағы демалыстарда Қазақстанға келіп, магистратураның емтихандарын тапсырып жүрдім. Өйткені Қазақстандағы магистратурадағы еңбегімнің жемісін көргім келеді. Дегенмен, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу бөлімі екі мемлекеттік грант бойынша екі оқу орнын аяқтау мүмкін еместігін айта отырып, оқудан шығуымды талап еткендіктен, осы мәселемен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов мырзаға жүгінуге тура келді. Министрліктен келген жауапқа сәйкес, бұл сұрақ С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті басшылығының ұйғарымына сәйкес шешіледі. Жоғары аталғандарды ескере отырып, Сізден осы мәселеге араласуыңызды сұраймын. «Болашақ» стипендиясын сақтай отырып, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде білімімді ақылы негізде әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік беруіңізді сұраймын. Өз тарапымнан, осы жылдың наурыз айында Қазақстанға оралып, академиялық үлгерім бойынша қарыздарымды өтеуге уәде етемін. Зор құрметпен, Безуглов А.С.
Жауап күні: 04.02.2014
Құрметті Андрей! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 7 бабына сәйкес магистратурада оқу тек күндізгі түрде жүргізіледі. Сондықтан, Сіз INTO City University-ден келген соң магистратурадағы оқуыңызды ақылы түрде жалғастыра аласыз.