университет тарапынан өткізілетін ғылыми сайыстар жайлы қайдан білуге болады?
Құрметті Амангелді!
С. Торайғыров атындағы ПМУ-да жыл сайын ҚР Президенті тағайындаған, сондай-ақ С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың атаулы 7 стипендиясы 3-4 курс студенттері арасында және де магистранттар арасында Қ. Сәтбаев атындағы 2 атаулы стипендияларды беру үшін сайыс өткізіледі.
Стипендиялар күндізгі бөлімде оқитын 3 курс студенттеріне, оқу бағдарламасын үздік меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, ғылыми табыстары дипломдармен (немесе басқа да құжаттармен) дәлелдеген, халықаралық және республикалық олимпиадалардың, сайыстардың, спорт жарыстары мен фестивальдердің және т.б. жеңімпаздарына тағайындалады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ынталандыру мақсатында студенттерге жыл сайын ПМУ-дың келесі ғылыми сыйақылары тағайындалады:
Әдебиет және өнер саласындағы үлесі үшін П. Васильев және С. Торайғыров атындағы әдеби сыйақылар;
Мемлекеттік тілді жетілдіруге және насихаттауға үлес қосқаны үшін, мемлекеттік тілді толық меңгерген басқа ұлт өкілдері студенттеріне 5 А. Байтұрсынов атындағы «Тіл жанашыры» сыйақысы;
Гуманитарлы ғылымдарды дамытуға үлес қосқаны үшін Т.С. Садықов атындағы 2 сыйақы.
Толық ақпаратты ғылым департаментінің ғылыми басылымдарды жоспарлау және үйлестіру бөлімінде (каб. 527 А, тел. 673683 ішкі 1111, 1235) білуге болады.
Министрліктермен, ведомстволармен және тағы басқа ұйымдармен, сонымен қатар ішкіуниверситеттік, ПОҰ және студенттер арасындағы сайыстар мен олимпиадалар жариялаған туралы ақпаратты С. Торайғыров атындағы ПМУ-ң білімберу порталында «Жаңалық» бөлімінде, факультет деканаттарында және инновациялық даму және ғылыми зерттеулер департаментінің инновациялар және жаңа технологиялар (127 каб.), ғылыми-зерттеу жұмыстар және патенттік-лицензиялау қызметінің (243 каб.) бөлімдерінде алуға болады.