Құрметті Серік Мәуленұлы! Мен "Қазақ энциклопедиясы" баспасынан амалсыз болған соң хат жазып отырмын. Біз "Қазақстан ғалымдары" атты энциклпедия дайындап, биыл шығарғалы отырмыз. Қазақстанның барлық ғылыми мекемелеріне хат жолдадық. Көптеген оқу орындары ғалымдардың өмірбаянын анықтап, бізге жолдады. Сіздің басқарып отырған университет әлі күнге мардымды ешқандай мәлімет жібермей отыр. Осы мәселені Өзіңіз басқарып ретке келтіріп берсеңіз екен. Хатты алғандар еш жұмыс істемейді. Біздің жіберген хаттың мазмұнынмен таныс болсын деп мәтіндік нұсқасын жіберіп отырмын. Негізгі түпнұсқаны ақпан айында жолдаған болатынбыз. Ғылым академияларының президенттеріне, Ғылыми-зерттеу институттарының директорларына, ЖОО ректорларына, Ғылыми ұйым басшыларына АҚПАРАТТЫҚ ХАТ «Қазақ энциклопедиясы» баспасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің тапсырысы бойынша 2012 жылы «Қазақстан ғалымдары» энциклопедиялық анықтамалығы» кітабын жарыққа шығарады. Бұнда қазақ ғылымының өркендеуінің басында тұрған тарихи ұлы тұлғалар, Қазақстанның аса көрнекті ғалымдары, академиктер мен мүше корреспонденттері, ғылым докторлары, PhD докторлар, профессорлар жайында жеке мақалалар беріледі. Осыған орай энциклопедияға пайдалану үшін Сіз басқарып отырған оқу орнында қызмет еткен, қазір қызмет атқарып жүрген ғалымдар жайында барынша жаңа, толымды мәліметтер, әрі сапалы, түрлі-түсті суреттерді қоса жіберуіңізді өтінеміз. Ғалымдар туралы толық мәліметтерді 2012 жылдың 20 наурызына дейін «Қазақ энциклопедиясының» электрондық поштасына kazenc@mail.ru немесе хат арқылы жолдауыңызды сұраймыз. Мемлекет тапсырысымен Қазақстанда тұңғыш рет шыққалы отырған бұл энциклопедияға қазақ ғылымы үшін еңбек еткен ғалымдардың кірмей қалғаны өте өкінішті болады. Сондықтан ел болып жұмылып, мәліметтер мен деректерді кешіктірмей өз уақытында жібергендеріңіз жөн. «Қазақстан ғалымдары» энциклопедиялық анықтамалығына» Мемлекеттік сыйлықтар алған, белгілі бір ғылыми бағыттың негізін салушы, ғылыми мекеменің басшысы лауазымындағы ғылым кандидаттары және қай саладағы болсын ғылым докторлары мен PhD докторлар енеді. Энциклопедияға баратын мақалада не қамтылуы қажет екенін көрсететін жазылу тәртібін осы хатпен бірге жіберіп отырмыз. Қосымша 1 бет Құрметпен, «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің Бас директоры – Бас редакторы, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Ө.Жақып Ғұмырнаманың жалпы сұлбасы 1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты (толық) 2. Туған күні, айы, жылы және туған жері (облысы, ауданы, ауылы, т. б.) – қайтыс болған болса күні, айы, жылы, өмірден өткен жері 3. Ғылыми атақтары мен дәрежелері (жылы міндетті) 4. Бітірген оқу орны (мамандығы, факультеті, жылы міндетті) 5. Қызмет істеген жерлері (жылы міндетті) 6. Негізгі ғылыми бағыты, ашқан жаңалықтары мен өнертабыстары 7. Алған мемлекеттік сыйлықтары, лауреаттығы, марапатталуы (ордендері мен медальдері, төс белгілері аталып, алған сыйлықтарының жылы міндетті түрде көрсетілуі тиіс) 8. Докторлық диссертациясының тақырыбы 9. Ғылыми еңбектері (ең басты ғылыми еңбектерінің тізімі) 10. Портреті Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы Алматы қаласы 8-ықшам ауданы, 19 «А» үй Тел. /факс/ : 8 (727) 225 80 62 Эл. пошта: kazenc@mail.ru www.kazenc.kz Орынд. Б.Д. Дүйсенов +7 702 78 78 127 +7 705 172 70 49
Қойылған күні : 23.09.2012