Құрметті Серік Мәуленұлы! Мен университет қабырғасында 15 жыл қызмет атқарып келемін. Осы жылға дейін менің педагогигалық тәжірибем мен ғалымдығым республика ішінде ғана емес,кейбір шетелдік ғалымдарға да таныс. Әріптестерім де, мен дәріс беріп жүрген студенттерім де маман ретінде де, әрі ғалым ретінде де мені бағалап келе жатыр. Өкініштісі, біздің оқу жүйесі туралы тың пікірлеріміз және ескетулеріміз мүлде назарға алынбайды. Нақтырақ айтсақ, ол мемлекеттік емтихандар жүру барысы: бір комиссияға бірнеше аудиторияларда(3-4 аудитория)қатарынан жүріп-тұруы талап қоюы арқылы мемлекеттік емтихандарды қабылдау тәртібіне қайшы деп ойлаймын, сол емтихандарда мониторинг қызметкерлерінің комиссия мүшелеріне бағынбай өз еркімен кіріп-шығып және студеннттерден ешқандай рұқсатсыз тінтулер жүргізіп шығарып жіберулері, оқу жылы басталғаннан кейін кафедра мәжілісінде жария етілген сағат сандарына өзгеріс енгізіп, мемлекеттік емтихандар сағаттарын қысқартуы (мысалы, емтихан 2 сағ. жүреді, ал олар бізге біресе 4,5, біресе 7,5 сағат дұрыс көрсетпейді), межелік бақылаудың сағаты мемлекеттік емтихан сағатынан артық болуы да логикаға сыймайды т.б. Тізе берсек, заң нормаларына, әрі оқу жүйесі тәртібіне және екі жақты қаржылық сағаттар санауы шамадан тыс көбейіп кеткен сияқты. Меніңше, Сіздің әділетті, әрі салмақты басшылығыңыз тарих кафедрасы ұстаздарының, әріптестеріңіздің пікірін тыңдауға мүмкіндігі болады деп ойлаймын және қымбат уақытты бөле алады деп сенемін. Тағы да құрметпен Лаура Қуандыққызы!
Қойылған күні : 07.11.2012