Торайгыров университеті білім алушыларының академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру:

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген  білім алушылар факультет бағдарламасының координаторына қатысуы туралы академиялық кезеңге дейін 2 ай 3ш3нде (ішкі академиялық ұтқырлық бойынша), 6 ай ішінде (сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша) кешіктірмей өтініш жазып тапсырады.

Координаторы программ факультетов по академической мобильности Павлодарского государственного университета им.С.Торайгырова

Факультет атауы№ каб.Координатордың аты-жөніБайланыс мәліметтері
1

АТФ

А1-213Сейтжанова Динара Дулатбековна673641 (1191) atf_psu@mail.ru
2

СҚФ

Б-219 аЖукенова Гульнара Абаевна572053 gulnara_kum@mail.ru
3

ГПФ

А-323Карипжанова Айнур Ораловна673631 (11-57) ainurok1974@mail.ru
4

ММжКФ

Б-204Тусупбекова Марал Жанболатовна673630 (1221) fmmt@psu.kz
5

ФМжАТФ

А-412Жуспекова Нургуль Жумагазиевна673651 (11-71) zhuspiekova72@mail.ru
6

ХТжЖФ

А-509Абдулина Алма Талгатбековна673668 (11-85) ulzhan.1980@mail.ru
7

БжҚФ

А-321Салимжанова Бахытгуль Бакиевна673656 (11-96) anarazhakisheva@mail.ru
8

ЭФ

А-322Уразалимова Дария Сансызбаевна673629 (13-23)

Конкурсқа қатысуға өтініш жазған білім алушы эдвайзермен бірігіп ЖОЖ-ды (жеке оқу жоспары) бекітілген тәртіп бойынша келесі академиялық кезеңнің пәндерін пререквезитіне сай қайта сынақтан өту тәртібіне байланысты жүзеге асырады.

Жеке өтінішке кафедрадан ұсыныс хат, ЖОЖ және транскрипт қоса беріледі.

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысушыларды іріктеу ашық конкурстық негізде қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы, ерекшеліктері мен оқу үлгеріміне қатысты жүзеге асады. Конкурстық іріктеудің негізгі талаптары: өз ЖОО-да 1 академиялық кезеңді аяқтау және «А», «А-», «В+», «В», «В-» көрсеткіштеріне ие болуы міндетті, сонымен қатар шетелдік ЖОО-на баратын болса, қабылдаушы жақтың тілін жақсы деңгейде білу қажет(мүмкіндігінше шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат болуы қажет).

Қабылдаушы ЖОО-ның академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқан білім алушыға келісім берген жағдайда оқу келісіміне қол қойылып, ДАД үшжақты келісімшарт жасауды ұйымдастырады. Үшжақты келімісшартқа ПМУ және қабылдаушы ЖОО ректорлары және білім алушы қол қояды. Егер оқуға ұлттық компания, әлеуметтік серіктес арқылы баратын болса, төртжақты келімшарт жасалынады.

Қабылдаушы ЖОО-да білімі аяқталған соң білім алушылар ДАД-на білім алғаны туралы транскрипт тапсырады.

Білім алушы іссапардан келген соң экономика және қаржы департаментіне аванстық есеп тапсырады. Сыртқы академиялық ұтқырлық жағдайында аванстық есепке білім алушының паспорт көшірмесінің визалары бар беті қоса тапсырылады. Сонымен қатар іссапар куәлігі, жолақы билеттері, тұрғын үй жалдағаны туралы және басқа да кажетті құжаттар тапсырылады.

Бекітілген аванстық есеп негізінде университет есебінен жұмсалған іссапар шығындары қайтарылады.