Студенттік жеке инвесторлар клубын дамыту мақсатында 2011 жылдың 12-15 желтоқсаны аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Алматы қаласының Аймақтық қаржы орталығы академиясымен бірлесе «Халықтық ІРО және қор нарығы» вебинары (онлайн – семинар) ұйымдастырылды және өткізілді.
2011 жылдың 12 желтоқсанында вебинардың «Халықтық ІРО бағдарламасын түсіндіру» бірінші сессиясы болды. Студенттер мен оқытушылар онлайн режимде заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығын дамыту бойынша комитетінің Төрағасы Нұрпеисов Дархан Қадырбайұлымен тілдесуге мүмкіндік алды. Сөз сөйлеу барысында Дархан Қадырбайұлы «Халықтық ІРО» мемлекеттік бағдарламасының міндеттері мен сатыларын түсіндірді, ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алу механизмінің мазмұнын ашты.
2011 жылдың 13-15 желтоқсанында вебинардың «Биржалық сауданы ұйымдастыру» екінші сессиясы жүргізілді. Спикер ретінде қор нарықтарында үлкен тәжірибесі бар аналитик, Алматы қаласындағы жеке инвесторлар клубының жетекшісі, тәжірибелеуші трейдер Серік Омар шақырылды. Сөз сөйлеу кезінде Серік трейдердің негізгі инструменттері туралы баяндады, осының арқасында студенттер биржалық сауданың негіздерін біле алды.
Студенттер биржадағы жұмыстың барлық егжей-тегжейлерін үлкен жігерлікпен таныды, конспекттер жасады, орынды және қызықты сұрақтар қойды. Спикерлер биржалық тәжірибеде пайдаланылатын кәсіби терминдерді қарапайым тілмен түсіндірді.
Төрт күндік вебинарда студенттер, магистранттар, оқытушылар қатысты, жалпы саны 96 адам. Ең белсенді тыңдаушылар Алматы қаласының Аймақтық қаржы орталығы академиясымен берілген сертификаттарға ие болды.
Өткізілген шара Павлодар қаласының бұқаралық ақпарат құралдарымен: Ирбис телеарнасымен, «Звезда Прииртышья» облыстық газетімен, «Білік» газетімен кең жарқыратылды.
Алматы қаласының Аймақтық қаржы орталығы академиясы С. Торайғыров атындағы ПМУ-мен бірлесе интерактивтік семинарды өткізудің бірінші сәтті тәжірибесін жоғары бағалады. ААҚО академиясының басшылығы елдің барлық жоғары оқу орындарында биржалық сауда мәселелері бойынша вебинарларды өткізу үшін қаржыландыруды алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жолығуға ниетті.
![]() |
|
|
|
|



