Жақын арада «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыру шегінде «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру», «KEGOC», «Қазпошта», «ҚТЖ» сияқты ұлттық компаниялардың және «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ құрамына кіретін басқа бірқатар компаниялардың акцияларының бір бөлігін сату күтілуде. Қатардағы азаматтар өз капиталдарын ұтымды инвестициялауға мүмкіндік алады. Ал оны қалай салауатты, қаржылық тәуекелдердің минималды деңгейімен жасауды жеке инвесторлар клубында үйренуге болады. Алайда егер бұрын мұндай клубтар іргелі астаналық жастары үшін ғана қол жетімді болсы, бүгінгі таңда олар аймақтық жоғары оқу орнында да жұмыс жасай бастады.
Студенттерді бағалы қағаздар нарығын жете түсінуге және қор нарығының потенциалды қатысушылары болуына үйрету – мұндай мақсаттарды С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің (ПМУ) студенттік Жеке инвесторлар клубының ұйымдастырушылары өз алдына қойды. Оның құрылуына Павлодар университетіне жасалған Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу бойынша ҚР агенттігінің (РФЦА) ынтымақтастық жөніндегі ұсынысы түрткі болды.
2011 жылдың 28 наурызында С.Торайғыров атындағы Павлолар мемлекеттік университетінде Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындарындағы алғашқы студенттік Жеке инвесторлар клубының салтанатты ашылуы өтті. Клуб Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын жоғарылату, қазақстандық қор нарығын популяризациялау мен дамыту мақсаттарында құрылды.
Қаржылық білім алудың қол жетімділігі – бұл қаржылық сауаттылығын жоғарылату мен қаржылық игілікке жетуге мүдделі адамдарды біріктіретін Клубтың ең тартымды жағы. Оқыту кәсіпқой қаржыгерлерді, жетекші қаржылық компаниялардың мамандарын және ғалым-экономистерді тартумен ақысыз негізде жүргізу жоспарланады. Клубтың жұмысы бейресми пікірталастық кездесулерді және тақырыптық тренингтер мен семинарларды өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Кәсіби емес инвесторлар үшін, яғни студенттік аудиторияның басым бөлігі үшін қор нарығындағы жұмыс негіздеріне арналған ағартушылық семинарлар – брокерлермен танысу, инвестициялаудың тәслдеріне үйрету, жеке қаржылық жоспарды құрастыру және т.б. жоспарланған.
Оқыту семинарларының тақырыптары күнделікті өмірдің қажеттіліктері мен сұрауларына сәйкес келеді, кейбіреулері студенттерге жоғары оқу орнын бітірген соң кәсіпорында жұмыс жасағанда немесе меншік істі ашқан кезде қажет болады. Жеке ақшаны тиімді басқару, үйлестірілген инвестициялық портфельді, инвестициялаудың меншік стратегиясын құру, қор нарығында инвестициялаудың ерекшелігі – осы және өзге де тақырыптар бүгінгі таңда сәтті және ауқатты болғысы келетіндер үшін өте қажетті.
Клубты ашу салтанатына «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Е.М. Арын, трансфер-агенттік сектордың директоры Р.К. Корамбаев, студенттер, оқытушылар, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
|
|
|
|