Студенттік Жеке инвесторлар клубының мақсаты мен міндеттері

Студенттік Жеке инвесторлар клубы – қор нарығы мен инвестициялар саласында өз қабілеттерін жүзеге асыруға, теориялық және тәжірибелік дағдыларын тереңдетуге және кеңейтуге ниет білдірген жас талантты студенттердің бірлестігі.

Студенттік Жеке инвесторлар клубының мақсаты – қазақстандық бағалы қағаздар нарығын популяризациялау және дамыту, сонымен қатар қаржы нарығы саласында студенттердің интеллект деңгейін жоғарылату.

Студенттік Жеке инвесторлар клубының міндеттері:

- Қазақстанда жеке инвестор институтының тұрақты қызмет етуіне жету үшін потенциалды жеке инвесторлардың ықпалды табын қалыптастыру;

-  қор нарығындағы инвестициялау саласында кәсіби мамандарды тәрбиелеу;

-  университет қабырғаларында инвестициялаудың жаттығу тәжірибесін, трейдинг негіздерін алу;

- алынған теориялық білімдерді жүйелендіру;

-  бірлескен жобаларды өткізу арқылы жұмыс берушілер мен студенттер арасында байланыс орнату;

- Клуб қатысушыларына инвестициялаудың потенциалды инструменттерін іздестіруге әрекеттесу;

- кеңес беру көмегін ұсыну.

Берілген міндеттерге қол жеткізу елдің қор нарығының дамуына, жастардың инвестициялық қызметін белсендіруге жағымды әсер етеді.

Кәсіби білім мен жинақталған тәжірибенің кеңеюіне әрекеттесе отырып, Клуб қор нарығындағы инвестициялау мәселелеріне арналған әр түрлі іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді.

Студенттік Клуб қызметінің негізгі бағыттары

Студенттік Клубтың қызметі бейресми пікірталастық кездесулерді, тақырыптық тренингтер мен семинарларды – Клуб отырыстарын өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Бастаушы инвесторлар үшін «Бастаушы инвестор мектебі» – қор нарығының қызмет етуінің негіздерін, оның қаржы құралдарының ерекшеліктерін, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін зерттеуге арналған семинарлар циклін өткізу қарастырылған. Семинарларды Алматы қаласының Аймақтық қаржы орталығы академиясында білім алған оқытушылар, сонымен бірге тәжірибе мамандары өткізетін болады.

«Бастаушы инвестор мектебі» семинарларының мазмұны:

–    бағалы қағаздар нарығыны, оның жіктелуі, құрамдас бөліктері мен қатысушылары;

–    акциялар;

–    облигациялар;

–    мемлекеттік бағалы қағаздар;

–    туынды бағалы қағаздар;

–    қор нарығын мемлекеттік реттеу;

–    бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;

–    Қазақстандық қор биржасында қолданылатын биржалық сауда-саттық әдістері;

–    қор биржасында маркет-мейкерлердің қызметі;

–    акция бағасының қалыптасу механизмі;

–    iргелi және техникалық талдаудың негiздерi.

Өткізу мерзімділігі – айына 2 рет.

Теориялық курсты өткен студенттер үшін мастер-класс пен тәжірибелік талдау күндерін өткізу қарастырылады, мұнда қаржы нарығының құралдарын талдаудың әдістері, тәуекелдерді басқару тәсілдері, инвестициялық портфельді қалыптастыру бойынша идеялары және т.б. талқыланатын болады.

Тәжірибелік техникалық талдау күндері техникалық көзқарас тұрғысынан компания акцияларының графиктері талқыланып талданады:

–    трендтерді анықтау;

–    қолдау мен қарсылық көрсетудің ең маңызды деңгейлерін анықтау;

–    классикалық техникалық талдаудың модельдерін анықтау;

–    жапондық техникалық талдаудың модельдерін анықтау (жапондық шырақ талдауы);

–    техникалық индикаторлардың көрсеткіштерін талдау (жылжымалы орташа, RSI, MACD және т.б.);

–    өсу/төмендеу потенциалын анықтау;

–    позицияларды ашудың/жабудың ықтимал нүктелері;

–    Клуб мүшелерінің ашық позициялары бойынша талдау (қай деңгейлерде ашылды, қай себеппен ашылды, өсу потенциалы бар ма, жобалық мақсаттар, ұстау/сату).

Өткізу мерзімділігі – айына 1 рет.

Студенттік Клуб қызметінің маңызды бағыты болып қаржы нарығының шақыртылған кәсіпқойларымен студенттердің қарым-қатынас жасау мақсатында бейресми пікірталастық кездесулерді ұйымдастыру және өткізу алға шығады.

Өткізу мерзімділігі – тоқсанына 1 рет.

Студенттік Клуб мүшелігі

Студенттік Клубтың мүшелері ретінде Клубтың Концепциясын мойындайтын және мақсаты мен міндеттеріне қосылатын кәмелет жасқа толған студенттер, профессор-оқытушылар құрамы бола алады.

Студенттік Клубтың мүшесі болуға ниет білдірген студенттер мен оқытушылар Клуб жетекшісінің атына келесі құжаттарды жібереді: 

–    Клуб мүшесіне кіру туралы өтініш (А қосымшасы);

–    жеке тұлғаны растайтын құжат көшірмесі (жеке куәлік және студенттік билет).