Анонсы и мероприятия

ТҮЛЕКТЕР үшін маңызды ақпарат

 

 

«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы білім беру тапсырысы негізінде білім алған жас мамандар мен философия докторларының (PhD) жұмыспен өтеу және жұмыс өтелмеген жағдайда олардың оқуына бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ететін білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушының, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітірушінің «Қаржы орталығы» АҚ-ға келісімін беру («511») немесе келісім беруден бас тарту («512») туралы ұсынысты қамтитын «1414» байланыс орталығынан келген SMS - хабарламаға  15 минут ішінде жауап беруге мүмкіндік берілетінін, көрсетілген уақыт өткен соң хабарлама өзектілігін жоғалтатынын хабарлайды.  

ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушыдан, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітірушіден «1414» байланыс орталығына дербес деректерді жинауге және өңдеуге «511» (келісім) хабарлама жіберілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен дербес деректерді жинау және өңдеу үшін «Қаржы орталығы» АҚ-ға шектеулі деректер – жұмыс берушінің БСН-і немесе ЖСН-і, ұйымның атауы, жұмыс берушінің мекенжайы және міндетті зейнетақы жарналарының түсу кезеңдері туралы ақпарат ұсынылады.

Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінде «Қаржы орталығы» АҚ үшін құпия сипаттағы басқа дербес деректер көрсетілмейді. 

«1414» байланыс орталығына дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруден бас тарту «512» (келісім бермеу) хабарламасы жіберілген жағдайда ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушы, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітіруші үшжылдық немесе екіжылдық жұмыспен өтеу мерзімі аяқталғанға дейін міндеттеменің орындалуы туралы растау құжаттарын «Қаржы орталығы» АҚ-ға өз бетінше жіберіп тұруы қажет болады.

Толығырақ
2024-09-20 00:00:00

140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 46, «Торайғыров университеті» коммерциялық емес ақционерліқ қоғамының Директорлар кеңесі Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 46 мекенжайы бойынша орналасқан «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректор бос лауазымына конкурс жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесінің, ғылыми атағының (мүмкіндігінше) болғаны жөн;

2) кәсіби тәжірибесі кемінде 10 жыл, оның ішінде білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл;

3) білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент қағидаттарын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты білу;

4) стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларының болуы;

5) көшбасшылық, креативтілік, жаңашылдық, сыни тұрғыдан ойлау, құқық бұзушылыққа төзбеушілік;

6) қазақ және орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін меңгеру;

7) ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент және корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Қоғам қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру бойынша сертификаттардың (куәліктердің) болғаны жөн.

Тұлға конкурсқа қатыса алмайды:

1) жиырма бес жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) белгіленген үлгі бойынша 3x4 үлгідегі түрлі түсті суретпен конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасы;

5) білім туралы құжаттардың және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, оларға қосымшалардың көшірмелері:

- «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленген Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі.

- «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқу бітіргені туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

- өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы кұжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

6) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік- консультациялық қорытынды) ;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

10)  қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.

11) ғылым және жоғары білім саласында менеджмент және корпоративтік басқару саласындағы біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіптік қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) бере алады.

Қоғамды Дамыту бағдарламасының мазмұны мыналарды қамтуы тиіс:

1) Қоғамды дамытудың 5 жылға арналған негізгі бағыттары бойынша пайымы, миссиясы, Қоғамның бекітілген құжаттарына және мемлекеттік мүдделер мен міндеттерді сақтауға сәйкес Қоғамның құндылықтары мен даму перспективалары (ұлттық және өңірлік жобалар, тұжырымдамалар, Мемлекет басшысының тапсырмалары);

2) Қоғамның бекітілген құжаттарын іске асыру бойынша ағымдағы жағдайды талдау (дамудың екі-үш басым бағытын (мақсаттарын) көрсету және олар бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу);

3) Қоғам тап болатын және (немесе) тап болуы мүмкін негізгі сын-қатерлер және олар бойынша шешімнің ұсыныстары (өткен кезеңдегі стратегияны іске асыруды талдау, мәселелер, шешімдердің сабақтастығы);

4) конкурсқа қатысушы ұсынатын Қоғамды дамыту бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен жетістіктер.

Қоғамның Даму бағдарламасы PowerPoint форматында көлемі 10 слайдтан аспайтын презентация түрінде рәсімделуі керек.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне тапсыру қажет, мекенжайы: Мангилик ел, 8, 11 кіреберіс, Министрлер үйі, 643-каб., телефоны: 8 (7172) 74-27-25, 74-20-38, 74-19-16, 74-24-26.

 


Заявление ППР рус.doc
Заявление ППР каз.doc
Послужной ППР каз рус.doc
Толығырақ
2024-09-12 10:12:00

Ғалымдарды, оқытушыларды, мектеп мұғалімдерін, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді

«ХVI Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз

01 қараша 2024 жыл

 

«Торайғыров оқулары» – жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, онда жаратылыстану ғылымдары; гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар; экономика және құқық; инженерия; ауыл шаруашылығы ғылымдары; энергетика; физика-математика және компьютерлік ғылымдар бағыттары бойынша қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының өзекті мәселелерін қарау жоспарлануда.

Өткізу орны: «Торайғыров университеті» КЕАҚ, Павлодар қ., 64 Ломов көшесі, БОҒ.

Өткізу форматы: офлайн.

Конференция аясында келесі санаттар бойынша секциялық отырыстар өтеді:

-       ЖОО және колледж студенттері;

-       магистранттар.

Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар, және олардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етіледі.

СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ТІРКЕЛУ: https://forms.gle/ZtMYUMU3Fn5Zum3J9

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! GOOGLE FORM-да ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАТЫСУШЫЛАР СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСТАРҒА ҚАТЫСУҒА ЖІБЕРІЛМЕЙДІ!

Конференцияның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады. Жинақ электрондық формат (PDF) түрінде шығарылады, конференцияның қатысушыларына электронды сертификаттар табыс етіледі.

Материалдарды ұсыну мерзімі: 2024 жылдың 11 қазанына дейін (қоса алғанда) ТЕК www.sci-conf.tou.edu.kz сайт арқылы.

Көрсетілген МЕРЗІМНЕН КЕШ ЖІБЕРІЛГЕН және ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА жіберілген мақалалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!

Конференцияның ғылыми секцияларымен конференцияның ақпараттық хатында, сондай-ақ университеттің Торайғыров ғылыми конференцияларының сайтында танысуға болады www.sci-conf.tou.edu.kz


письмо XVI Торайгыровские чтения на рус каз eng 2024.pdf
Толығырақ
2024-09-09 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Приемная комиссия
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone