2019 жыл «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының салтанатты ашылуы болды.

Қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп,жемісті білім алып жүрген «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Елбасы мен ел алдында өз жемістерімен бөлісіп,ұсыныс-тілектерін білдірді.

Солардың бірі шығармашыл өкілдердің атынан Жас ақын Мерей Қарт жас өнерпаздар мен қаламгерлердің ұсыныстарын Елбасымызға жеткізді.

«Бәсекеге қабілетті жастар-ел болашағы» демекші әдебиет әлемінде жастар бәсекелестікке қабілетті болу үшін «Әдебиет академиясын» ашу жайлы бірегей жоба ұсынды. Мемлекеттің басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы барысында елімізде мәдениет пен өнердің, әдебиеттің екінші тынысы ашылды. Барша Қазақстандық жастарға Елбасымыз артып отырған үмітті ақтап, құр айтылған сөзбен емес, тиянақты іспен, еліміздің өркендеуіне еңбек етіп, зор үлес қосатындарыңызға сенеміз.

Ташкенбай Аңсат,
«Мұрагер» шығармашылық бірлестігінің сценаристі