21 қарашада отандық бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» атты мақаласы жарық көрді. Мағынасы жағынан мақала «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының жалғасы бола отырып, еліміздің өткен тарихы мен дәстүрлі мәдениетінің қазіргі заманмен сабақтастығының, тығыз байланысының маңыздылығын бейнелейтін құндылығы жоғары бағдарламалық құжаттардың бірі.

Мақалада Ұлы көшпенділер даласындағы ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтар, әр дәуірде қол жеткізілген жетістіктер, қоғамның даму қарқыны, ірі тұлғалар, осы дала мәдениетінің әлемдік мәдениет пен өркенитке қосқан үлесі жан-жақты баяндалған.

Мақаланың құндылығы болып өткен кезеңдерден мұра болып қалған рухани байлығымыз, жинақталған білімдер мен тарихи жәдігерлердің жас ұрпақты тәрбиелеуге қосатын үлесі табылады. Әр ұлттың өзін-өзі анықтауында, дамыған, өркениетті елге айналуында өз тарихы мен мәдениетін, дәстүрлері мен құндылықтарын мақтан ете отырып, олардан болашаққа серпін алуы маңызды. Екінші жағынан осы бай мұраны біліп қана қоймай, оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, заманауи өркениет және мәдениетпен үйлестіре білу қажет. Мұндай үйлесімділікті дамыған Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, т.б. елдердің мысалында бақылауға болады.

Мақалада Ұлы дала түрлі кезеңдерде озық технологиялардың дамуына ықпал еткен, озат дамыған ел қатарында болғаны, басқа елдерге даму жетістіктерін таратқаны жайлы дәйектер келтіріледі. Осы бай мұраны сақтап, келешек ұрпаққа дұрыс тарихи бағытта жеткізу үшін нақты бағдарламалар қарастырылады. Мысалы, әлемнің ірі архивтерімен ынтымақтаса іздеу-зерттеу жүргізуге бағытталған «Архив-2025» бағдарламасы, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағы, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобасы, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейі, «Дала фольклорының антологиясы», Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу.

Бұл бағдарламалар ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға, еліміздің тарихи жетістіктері мен мол мәдени мұрасын, ұлы тұлғаларының әлемдік мәдениетке, әдебиет пен ғылымға, философия мен өнерге қосқан үлестерін болашақ ұрпаққа жеткізуде маңызы зор.

Әлемнің елімізді тануға ықпал еткен тарихи фактілер қазіргі жастар үшін үлгіге, олардың болашаққа сенімдерінің негізіне айналдыру қоғамның, ел азаматтарының міндеті деуге болады.

Артықбаева Г.Т. «Философия және әеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы