Жаһандық жеделдетілген өзгерістер мен қауырт бәсекелестік заманында қазіргі супердержавалар мен суперөркениеттер аузында қалып жұтылып кетпеу үшін локалды мәдениетті жандандырып өсіру, ұлттың рухани санасына жаңа серпіліс беру маңызы жоғары іс болып табылады. Әрине Елбасы мақаласындағы ой бүгін ғана жазылып, бүгін ғана қалыптаса қала қойған ой емес... Бұл ой ХАНДЫҒЫМЫЗ қалыптасып, ел болып қалыптаса бастаған Керей мен Жәнібек хандар заманынан бастап, Алаш зиялыларының жалғастыруымен келе жатқан Тәуелсіздігіміздің мұра идеясы. Әр ұлт әр күнде өзінің тарихы мен мұрасын, мәдениеті мен ділін, тілі мен халқын жадында ұстай жүру керек екендігі сөзсіз. Сондықтан да айтылмай және ашылмай қалған терең тарихымызды тағы қопарып жас ұрпаққа өркениеттілігіміздің ерекшелігін ашып одан әрі тамсандырып, ұлт деп көкірегін қағып мақтанатын ұрпақ тәрбиелеу Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы негізгі ой деп түсінемін.

Мұхтар Тыныштықбекұлы Абдыкакимов
PhD доктор Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының қауымдастырылған (доцент) профессоры