Date creation: 11.07.2014
Сәлеметсізбе! Мен ҰБТ-дан 98 балл, орыс тілінсіз 80 балл жинадым. 5-ші пән физика. Грантқа сіздерге қай мамандықтарға түсе аламын ?
Date of reply: 15.07.2014
Сәлеметсіз бе, Айдана! Сіз таңдау пәні «физика» бойынша университеттің жаратылыстану, техникалық ғылымдар және технология, қызмет көрсету бағыттарындағы мамандықтарға түсе аласыз. Ол үшін 2014 жылдың 23-31 шілде аралығында мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына құжат тапсыру қажет.Мамандықты таңдағанда қателеспеу үшін, университеттің қабылдау комиссиясына толық кеңес алуға келіңіз. Мекенжайымыз: Ломов көш., 64, бас оқу ғимараты, тел.: 8 (7182) 673-773, 673-674, 673-654.