Date creation: 16.02.2011
Құрметті! Ерлан Мұхтарұлы! Мен 2010 жылы Магистратураның "Менеджмент" (профиль бойынша) мамандығын тәмәмдадым. ПМУ-да ассистент болу үшін ғылыми-педагогикалық дәрежелі болуы тиіс. Ол үшін қосымша курс өту қажет. Желтоқсан айында ол курс басталады деген, әлі болған жоқ. Курс қашан болады екен? Әлде болмай ма?
Date of reply: 04.03.2011
Құрметті Динара!
5.04.033-2008- Жоғары оқудан кейінгі білім алу. Магистратура. Негізгі ережелер ҚР МЖМБ стандартына сәйкес, бейінді магистратураны бітірген магистрант, педагогикалық денгейі бойынша пәндерді менгеріп және педагогикалық практиканы өтіп ғана ғылыми және педагогикалық қызметімен айналысу мүмкін. Осы цикл, қосымша академиялық кезең арқылы игеріледі. Бірақта, қазіргі уақытқа дейін ҚР БжҒМ қосымша академиялық кезеңді меңгеру үшін технологияны жасамаған.