Ел экономикасын өркендетуге, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған Елбасы Жолдауы көпшілік көңілінен шықты.

Осы Жолдаудың басты екпіні әрбір қазақстандық азаматқа қолдау жасауға бағытталған. Құжатта әрбір қарапайым адам үшін ең маңызды мәселелердің барлығы көрініс тапты, олар: отбасы институтын дамыту; жастарды, шағын бизнесті, АӨК қолдау; ТКШ жұмысының форматы; әлеуметтік саланы дамыту; білімді қолдау; жоғары білім жүйесінің жұмысының сапасы; құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру

Әл-ауқаттың өсуі, табыстарды және өмір сапасын жоғарылату мәселелеріне көңіл бөлінгендігі қазақстандықтарды қуантты деп ойлаймын. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды еңбекақы 1,5 есе өсетін болады. Минималды еңбекақыны ең төмеңгі күнкөріс деңгейіне байланыстырмау жөнінде парасатты шешім еңбек етуге бағытталған қоғам құруға мүмкіндік береді.

Сәйкесінше қаражат салу арқылы отандық экспортқа бағытталған өңдейтін кәсіпорындарды, көлік-логистикалық секторды, сыртқы және ішкі туризмді дамыту әлемдік қауымдастықта отандық экономиканың даму деңгейін жоғарылатудың жасырын резервтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Жолдау инновациялық «болашақтың экономикасы» дамуына үлкен көңіл бөледі. Қазіргі таңда жел, гидроэнергетикалық қондырғылар елімізде кеңінен таралып жатыр. Одан әрі жетілу қажет, Жолдауда айтылған басқа да инновациялық бағыттар бойынша зерттеулер жүргізу қажет.

Отандық өнім өндірушілерді көбейту мақсатында келер жылдан бастап өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес өндірісті қолдауға 3 жылға 500 млрд. теңге қаражат бөлінетін болды. Бұл өз кезегінде экономиканы өркендетіп, сырттан тасымалданатын тауарлар легін азайтуға септігін тигізеді.

Президенттің Жолдауы - әрбір қазақстандық үшін іс-қимылдың бағыттаушысы. Президент барлығы үшін және жалпы еліміз үшін өсу мен дамудың жаңа жолдарын және мүмкіндіктерін анықтады, барлығымызға және жеке-жеке әрбіреуімізге ел дамуына қатысуды ұсынады. Елбасымыздың басшылығымен алдағы жылдары елдің дамуының барлық басты міндеттері сәтті жүзеге асырылатындығына сенімдімін! 

Кунязова Сәуле Қайырбекқызы
э.ғ.к., PhD докторы, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі