Комплект "Мәшhүр-Жүсiп (Көпейұлы)" из 16-ти томов в твердом переплете. - 38692 теңге.

Мәшhүр-Жүсiп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. т. 5. - 2005. - 510 б. – 1175 теңге.

Бесінші томда Мәшһүр-Жүсіптің бұған дейін жарық көрген таңдамалысының екінші томына (Алматы: Ғылым, 1992 ж.) толық енбеген және қамтылмаған тың материалдар: Мәшһүр-Жүсіптің қағазға тусіруімен қазіргі ұрпаққа жеткен қазақ фольклоры үлгілері топтастырылған. Атап айтқанда: тұрмыс-салт жырлары, халық өлеңдері, жоқтаулар, мақал-мәтелдер, бата үлгілері, авторы беймәлім өлең-дастандар т. с .с. Кітап - қазақ фольклорын және қазақ тарихын, тұрмыс-салтын, наным, психологиясын т. с. с. зерттеуші ғалымдар мен қалың оқырман үшін бағалы бай материал көзі.

Мәшhүр-Жүсiп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. т. 6. - 2005. - 395 б. – 1216 теңге.

Алтыншы томда Мәшһүр-Жүсіптің ел арасынан жинап, қағазға түсіруімен сақталып, бұған дейін жарық көрмеген қазақ фольклоры үлгілері топтастырылған. Атап айтқанда: ертегілер, аңыз әңгімелер, күлдіргі сөздер, шешендік өрнектері, айтыс үлгілері т. с. с. Кітап - қазақ фольклорын және қазақ тарихын, тұрмыс-салтын, наным, психологиясын т. с. с. зерттеуші ғалымдар мен қалың оқырман үшін құнды бай материал көзі.

Мәшhүр-Жүсiп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. т. 7. - 2006. - 393 б. – 1301 теңге.

Жетінші томда халық ауыз әдебиеті, яғни әр кезде ауызша шығарылып, Мәшһүр Жүсіптің жинап қағазға түсіруімен жеткен түрлі ақыңдар туындылары топтастырылған. Кітап - қазақ ауыз әдебиетін және қазақ тарихын, тұрмыс-салтын, наным, психологиясын т. с. с. зерттеуші ғалымдар мен қалың оқырмаң үшін құнды бай материал көзі.

Мәшhүр-Жүсiп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. т. 8. - 2006. - 452 б. – 1301 теңге.

Сегізінші томда XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасыр басына дейін ұмытылмай жеткен ел арасындағы, Ташкент, Бұхара т. с. с. кітапханаларындағы көне кітап, қолжазбалардағы тарихи құнды деректерді Мәшһүр Жүсіптің қағаз бетіне түсіргендері жинақталып берілді. Осы орайда шет елдегі тарихи құжаттарда өз кезіндегі түрлі саясатқа сай қазақ тарихын бұрмалау орын алуы мүмкіндігін дәйектесек, Мәшһүр Жүсіптің белгілі бір тарихи оқиғалардың ішінде болғандардан мәліметтерді жазып алуы тарихи шындыққа жақындата түсері анық.

Мәшhүр-Жүсiп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. т. 9. - 2006. - 366 б. – 1511 теңге.

Тоғызыншы томда оның алдындағы сегізінші томда қамтылған Мәшһүр Жүсіптің қазақ тарихына қатысты жазғандарының жалғасы берілді. Онда Абылай ханға қатысты мәтіндер жалғасы келтірілумен бірге Кенесары, Наурызбай, қазақ батырларына т. с. с. қатысты тарихи мәтіндер топтастырылған.

Мәшhүр-Жүсiп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. т. 10. - 2007. - 445 б. – 1497 теңге.

Оныншы томда Қазақ шежіресіне арналған Мәшһүр Жүсіп жазбалары топтастырылған. Мәшһүр Жүсіптің жазбаларында тек шежіре емес, тарихқа, әдебиетке, әдет-салтқа т. с. с. қатысты деректер, әңгімелер аралас келіп, отыратынын ескеріп, ғылыми талап деңгейі тұрғысынан мәтіндерді бізге дейін сақталып жеткен ретімен беру жүзеге асты. Мәшһүр Жүсіптің әр кезде, әр жағдайда түрлі адамдардан жинастырған шежіре үлгілерінің әртүрлі нұсқалары қамтылды.

Мәшhүр-Жүсiп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. т. 11. - 2007. - 417 б. – 1704 теңге.

Он бірінші томда Мәшһүр Жүсіптің тікелей өз жазбалары бойынша оның әдебиет, тарих, ғылымының басқа да түрлі салалары бойынша жазғандары қамтылды. 1-10 томдарда Мәшһүр Жүсіп жазбалары тақырып, сала, жанр т. с. с. бойынша жіктеліп беріліп келсе, 11 - томда және бұдан кейін қолжазбаларды жариялау ісінде түпнұсқа тәртібі сақталады, яғни тақырып т. с. с. бойынша жіктелмей, түптелу, сақталу реті бойынша қолжазбаның бірінен соң бірі қалдырылмай ұсынылып отырады.

Мәшhүр-Жүсiп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. т. 12. - 2008. - 362 б. – 1857 теңге.

Он екінші томда Мәшһүр Жүсіптің әдебиет, тарих, ғылымының басқа да түрлі салалары туралы айтқандары тікелей өз жазбалары бойынша қамтылды. 1-10 томдарда Мәшһүр Жүсіп еңбектері тақырып, сала, жанр т. с. с. бойынша жіктеліп беріліп келсе, 11-томда және осы 12-томда түпнұсқа тәртібін сақтап жариялау, яғни тақырып т. с. с. тұрғыдан жіктемей, қолжазбаның түптелу, сақталу реті бойынша бірінен соң бірін қалдырмай ұсыну жүзеге асты.

Мәшhүр-Жүсiп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. т. 13. - 2008. - 384 б. – 1857 теңге.

Он үшінші томда Мәшһүр-Жүсіптің әдебиет, тарих, ғылымының басқа да түрлі салалары туралы айтқандары тікелей өз жазбалары және көшірмелер бойынша қамтылды. 1-10 томдарда Мәшһүр-Жүсіп еңбектері тақырып, сала, жанр т. с. с. бойынша жіктеліп беріліп келсе, 11-12 томдарда және осы 13-томда түпнұсқа тәртібін сақтап жариялау, яғни тақырып т. с. с. тұрғыдан жіктемей, қолжазбаның түптелу, сақталу реті бойынша бірінен соң бірін қалдырмай ұсыну жүзеге асты.

Мәшһүр-Жүсіп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. - т. 14. - 2013. - 408 б. – 3572 теңге.

Он төртінші томда Мәшһүр-Жүсіптің өз қолымен жазған еңбегі бойынша Ұлы жаратушы Аллаһ Тағаланың сипаттары, Құран кәрім аяттары мен пайғамбар хадистері жайыңда баяндалады. Ислам дінінің қағида-шарттары, мұсылмаңдық міңдеттер, Аллаға иман, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға сену дегенді түсіндіреді.

Кітапта қолжазбаның кейбір құран сүресі, аят, хадис және дұғалар факсимилесі (фотонұсқасы) және кирил әріптерімен транскрипциясы көрсетілген.

Мәшһүр-Жүсіп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. - т. 15. - 2013. - 440 б. – 3134 теңге.

Он бесінші томда Мәшһүр Жүсіптің өз қолымен жазған еңбегі бойынша әзірленген. Мұнда Құран кәрім аяттары мен пайғамбар хадистері т. б. берілген. Ислам дінінің қағида-шарттары, мұсылмандық міндеттері т. б. баяндалады.

Кітапта қолжазбаның кейбір сүре, аят, хадис және дұғалар факсимилесі (фотонұсқасы) және кирил әріптерімен транскрипциясы көрсетілген.

Мәшһүр-Жүсіп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. - т. 16. - 2013. - 360 б. – 3257 теңге.

Он алтыншы томда Мәшһүр Жүсіптің әдебиет, тарих, ғылымның басқа да түрлі салалары туралы айтқандары кезінде Мәшһүр Жүсіп атқосшысы болып, оның шығармаларын сақтап, жинап, көшірумен айналысқан Иманғали Маненов (1903-1993) және басқа да адамдар жазбалары бойынша берілді. 1-10 томдарда Мәшһүр Жүсіп еңбектері тақырып, сала, жанр т. с. с. бойынша жіктеліп беріліп келсе, 11-13 томдарда және осы 16-томда түпнүсқа тәртібін сақтап жариялау, яғни тақырып т. с. с. тұрғыдан жіктемей, қолжазбаның түптелу, сақталу реті бойынша бірінен соң бірін қалдырмай ұсыну жүзеге асты.

Мәшһүр-Жүсіп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. - т. 17. - 2013. - 366 б. – 3350 теңге.

Мәшһүр-Жүсіптің бұл еңбегінде Ұлы жаратушы Аллаһ Тағалаға деген махабаты, Құран кәрім аяттары мен пайғамбарлар хадистері т. с. с. жайында ой-толғамдар, ислам дінінің қағида-шарттары, мұсылмандық міндеттері, парыздары т. б. жайында түсініктер берілген. Сондай-ақ, кітапта ақын немересі Төлеубай Шәрәпиденұлының атасы Мәшһүр Жүсіп туралы естеліктері енген.

Мәшһүр-Жүсіп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. - т. 18. - 2013. - 364 б. – 3311 теңге.

Он сегізінші томда Төлеубай Шәрәпиденұлының (ақын немересі) ел арасынан жинақтаған көшірмелеріндегі атасы Мәшһүр Жүсіптің халық аузынан жинаған шешендік, нақыл сөздері, мақал-мәтелдері, термелері т. б. топтастырылып берілген. Сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп немересі Төлеубай Шәрәпиденұлының өлеңдері де топтастырылып берілген.

Мәшһүр-Жүсіп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. - т. 19. - 2013. - 418 б. – 3651 теңге.

19 томның бірінші бөлімінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Дұға» кітабы енгізілді. Ал, екінші бөлімінде Сатыбалды Ибрагимұлы көшірменің 63 бабы беріліп отыр. Бұған дейінгі жарияланған екінші томда 70 бап берілген еді. Бұл - баптарды ішінара салыстырғанда жекелеген араб-парсы сөздерінде, шумақтары мен тармақтарында көптеген өзгерістер кездеседі. Бірінде бар, бірінде жоқ. Мазмұнында да аздаған айырмашылықтар бар. Сатыбалды Ибрагимұлы нұсқасы орыс транскрипциясымен қағазға түсірілген. Баптардың мәні мен мазмұны негізінен. Мұхаммед с. ғ. с. пайғамбардан бастап, жұмақ, тозақ, ғарыш, күрсі, адамның дүниеге келуі, түрлі насихат сөздер, құрбандық шалу, төңірегінде сөз болады.

Мәшһүр-Жүсіп (Көпейұлы). Шығармалары. - Павлодар: ЭКО. - т. 20. - 2013. - 542 б. – 4998 теңге.

Жиырмасыншы томда Мәшһүр Жүсіптің әдебиетке, фольклорға т. б. қатысты шығармалары тікелей өз қолжазбалары бойынша қамтылды. Мұның ішінде біраз үлгілер алғаш жарияланып отыр («Мәлік - Хәсен» дастаны т. б.). Сондай-ақ Мәшһүр Жүсіптің ел арасында тараған нұсқаларын жинап, сақтап, көшірумен айналысқан Төлепберген Алдабергеновтың да (1932-2012) жазбалары топтастырылып берілді.

Мәшһүр Жүсіп шығармаларын араб жазуынан аударып, ғылыми түсініктер беріп, кітапты құрастырып, баспаға әзірлеген – Нартай Қуандықұлы Жүсіпов, ф. ғ. д., профессор. Сонымен қатар Төлепберген Алдабергеновтың көшірмесін баспаға әзірлегендер - Ахмет Қасымбайұлы Тұрышев, ф. ғ. д., профессор және Мухаббат Нұржауқызы Баратова, ф. ғ. к., доцент.