Date creation: 05.12.2013
Ас-Саламу Алейкум уа рахматуллаху уа баракатух. Серік Мәуленұлы, менің сұрағым ПМУ-да намаз оқуға болама және намаз оқитын орын барма? Намаз оқыған білім алуға еш зиянын тигізбейтініне кәміл сенімдімін. Университеттің тыныш жерінде намаз оқитын орын болса, ИншаАллах, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл өтінішімді жай қалдырмайсыз деп ойлаймын... Алла разы болсын!
Date of reply: 24.12.2013
:Құрметті Ғалымбек! Сіздің 2013 жылдың 04 желтоқсанынан қойған сұрағыңызға келесідей жауап береміз.
2011 жылдың 11 қазанынан № 483-IV «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
3-тарау. Қазақстан Республикасындағы діни қызмет
7-бап. Дiни жоралар мен рәсiмдер:
3. Құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге (жасауға), сондай-ақ миссионерлік қызметті жүзеге асыруға:
3) діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының аумағында және ғимараттарында жол берілмейді.