Материалдық-техникалық база

Кафедраның білім беру бағдарламаларының оқу процесі қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық базаның жұмыс істеуіне негізделген. Оған бүгінгі күн талабымен жабдықталған арнайы дәрісханалар, абонементтік қызметі және оқу залдары бар кең ауқымды кітапхана қорлары, компьютер сыныптары, интернет-кафе, медиатека, спутниктік теледидар кіреді.

«Қаржы және есеп» кафедрасына келесі мамандандырылған аудиториялар бекітілген:

- А-526 «Қазіргі банктік технологиялар» кабинеті білім беру бағдарламасының пәндері дәрістік және семинарлық сабақтарын өткізуге арналған. Жалпы көлемі – 51,6 шаршы метр.

Кафедраға келесі оқу аудиториялары бекітілген: А-2Б  – 82,1 шаршы метр, А-325 – 33,0 шаршы метр, А-336 – 34,4 шаршы метр, А-336а – 33,6 шаршы метр, А-430 – 51,6 шаршы метр, А-525 – 33,7 шаршы метр.

Кафедрада білім алатын студенттер мен магистранттар қазіргі компьютерлік техникамен жабдықталған келесі компьютерлік және интернет-класстарға кедергісіз кіру мүкіндігі берілген: А-130, А-531, А-527.