*Диссертациялық жұмыстың соңғы нұсқасы
«Торайғыров университеті» КЕАҚ 8D01101 (6D010300) – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Айнагуль Танырбергеновна Каббасованың «Болашақ мұғалімдерді даярлауда шет тілінің мета-пәндік әлеуетін пайдаланудың педагогикалық шарттары» қорғауы өтеді.
Қорғау түрі: диссертация жұмысы.
Қорғау тілі: орыс.
Диссертация «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ, Педагогика жоғары мектебінде орындалған.
Ресми рецензенттер:
Булатбаева Күлжанат Нұрымжановна – педагогика ғылымдарының докторы, шетел филологиясы кафедрасының профессоры Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.02;
Жекибаева Ботакоз Абдрахмановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессоры Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.08.
Ғылыми кеңесшілер:
Сакенов Джанат Жантемирович – педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика Жоғары мектебінің профессоры, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ., Қазақстан;
Дроботенко Юлия Борисовна – педагогика ғылымдарының докторы, шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, «Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті» ФМБ ЖББМ педагогика кафедрасының профессоры, Омбы қ., Ресей.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Нагымжанова Каракат Мукашовна – педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, «Тұран-Астана» университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, Нұр-сұлтан қ., Қазақстан;
Гауриева Гулжан Мухаметкалиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шет тілдері теориясы мен практикасы кафедрасының профессор м.а., Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан;
Касымбекова Нуриля Советкановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шет тілдері кафедрасының доцент м.а., Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан.
Диссертацияны қорғау аралас форматта (online/offline) 2021 жылы 27 желтоқсанда сағат 10:00-да «Торайғыров университеті» КЕАҚ Диссертациялық кеңесінде ZOOM платформасында өтеді.
Сілтеме: https://zoom.us/j/3599164309?pwd=RlAvS0tPT2ROYjVhN3FUM1Nmc0NmZz09
Конференция идентификаторы: 359 916 4309. Кіру коды: 123
Сайттың мекен-жайы: tou.edu.kz; e-mail: a.a.kudysheva@gmail.com