Торайғыров университетінің инженерия факультеті ЗиС-5 көлігін қалыпқа келтірді.

Жүк көлігі 1944 жылы Жеңіс күнінен кейін Майқайың кентінің руда басқармасына берілген, кейін павлодарлық автобазада жұмысын жалғастырды. Автобаза жұмысын тоқтатқан соң ЗИС-5 ашық аспан астындағы өлкетану музейіне табысталды.

Ал университет қызметкерлері көлікті қалыпқа келтіруге ниеттенді. Инженерлер бос уақыт болғанда машинаның қосалқы бөлшектерін ауыстырып, кабинасын реттеді. Тұрақтарын ауыстырып, көліктің ішіне отырғыштарды да орнатты.

9 мамыр күні соғыс жылдарындағы көлік Павлодар қаласының көшелерімен жүріп өтті. Университет қызметкерлері әскери киім киіп, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.