Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің зерттеушілері Руслан Сапинов пен Әлібек Жақупов креативті жиһаз жасауда.

Алдымен лофт стиліндегі диван жасаудан бастады. Стильді әрі қарапайым, тұрмыстық интерьердегі өнеркәсіптік эстетика. Бұл алғашқы өнімге берілген сипаттама.

Модульді жиһаз бен интерьер заттары өндірісін дамыту хоббиден туындаған іс. Басты идея - осындай элементтерді өздігімен жасауға болатындығында.

«Конструкция мықты әрі ұзақ мерзімге жарамды, оның түсі мен рамаларын өзгертуге болады», – дейді Руслан Сапинов.

Алдағы уақытта сериялы шағын өндірісті іске қосу жоспарланған.