Best Garant KAZ, ЭЛЬНУР-СЕРВИС ЖШС-і және Қазақстан Құрылысшыларының Одағы Торайғыров университетімен бірлесіп жұмыс істеуге әзір.

Жас мамандар кәсіпорындардың технологиялық үрдістерімен танысып, шәкіртақы алады.

Бұл жұмыс «Атамекен» алаңында бекітілген төртжақты келісімшарт негізінде мүмкін болмақ. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов қатысты.