«La vie добро», Vita, «Майдан жолы», «Сердца Павлодара», Ақкөңілділер клубының белсенділері өз жоспарларын Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновке таныстырды.

⠀Қазақстан волонтёрлерінің ұлттық желісінің төрайымы Вера Ким бірыңғай Qazvolunteer.kz платформасына көмекке зәру жандарға қол созғысы келетіндер тіркеле алатындарын жеткізді.

⠀Ол, сонымен қатар, волонтёр кітапшасы мен бір «ерікті сағатының» есебі туралы айтып берді.

⠀Birgemiz фронт-кеңсесінің креативті директоры Гүлмира Байқошқарова жас және тәжірибелі волонтёрлер туралы бағдарламалар циклын іске қосуды ұсынды.

⠀Айта кетейік, «La vie добро» жасағы үш ұзақмерзімді жобаны жүзеге асыруда. «Ұрпақ» - қарттар үйі мен интернаттарды біріктіру, хосписке көмек және «Өз өзіңмен кездесу» - сырқат балалары бар ата-аналарға көмек көрсету.