Toraighyrov University-де Қазақстан журналистикасының ардагері Жұмасейіт Бижанның 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Ол өзінің жарты өмірінде, яғни 40 жыл бойы еліміздің тарихи, саяси, әлеуметтік-мәдени оқиғаларын көпшілікке жария етіп отырды.

2005 жылдан бастап Жұмасейіт Бижан жарты ғасырлық қызмет барысында жинақталған журналистік шеберліктің баға жетпес практикалық құпиясын студенттермен бөлісе отырып, университетте оқытушылық жұмыс атқарады.

Салтанатты кеште Павлодардың Ертіс өңірінің және тәуелсіз Қазақстанның тележурналистикасының бай тарихын көруге болатын «Павлодар облыстық теледидары: журналистика кеністігінде» кітабының тұсаукесері өтті.