Дарынды балаларға арналған 8 мектеп-лицейінің оқушылары мен еріктілерінің кездесуінде ToU Junior атты дағдылар мектебінің тұсауы кесілді.

Өнер және жаратылыстану, аспаздық және музыка, тірі қалу мектебі - 5 бағыт. 30 қолданбалы дағды.

Профессорлар аптасына екі рет балаларды сабын қайнату, қыш ыдыстар жасау, Дарт Вейдерді фортепианода ойнауға баулымақ.

Лицейліктер археологиялық қазба жұмыстарына да қатысуға ниетті. Шара барысында мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру және бірлескен гранттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде сөз қозғалды. Мұғалім мәртебесі туралы заң материалдық ынталандыру нормаларын қарастырады. Нақтырақ айтқанда, РhD докторы деңгейіне 17 МРП көлемінде, магистр деңгейіне 10 АЕК көлемінде төлем қарастырылған.

Еліміздегі еріктілер қозғалысы, волонтёр мәртебесі, ынталандыру тәжірибелі мамандар айтып берді.

Ұлттық волонтёрлік желі жетекшісі Вера Ким халықаралық тәжірибе туралы айтты.

Аймақтағы кәсіподақ орталығының төрайымы Динара Айтжанова волонтёрлік бүгінгі жастар үшін әлеуметтік жеделсаты екенін жеткізіп, еріктілікпен мектеп қабырғасынан-ақ бастауғп кеңес берді.