Торайғыров университеті және Әулие Климент Охртдский София университетінің студенттері мен магистранттары әлем жаһандануының мәселелерін онлайн конференцияда талқылады.

Конференцияға София университетінің профессоры, РhD докторы Татьяна Дронзина қатысты.

Ортақ тақырыптар тез табылды: еріктілік, киноиндустрия, лаңкестік мәселелері, радикализм және нашақорлық.

Талқылай келе ортақ мәселелердің айырмашылықтары бар болып шықты.

Мәселен, нашақорлық мәселелері екі елде бар. Қазақстанда есірткіге студенттер бой ұрса, Болгарияда мәселе жоғары сынып оқушыларына тән.

Шара барысында заманауи киноиндустрияны қалыптастыру, театр туралы әңгіме қозғалды.

Болгариядағы студенттік театрға келсек, театрдың бекітілген репертуары болады. Қойылымдар тұрақты түрде ұсынылады, ал кіру тегін.