Toraighyrov University студенттері мен магистранттары білімдерін университеттің көптілділік олимпиадасында ортаға салды. Зияткерлік жарыс ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтті.

Жарыс барысында студенттер жастар және жастар саясаты тақырыптарында эссе жазып, еріктілік бағытындағы жобаларын қорғады. Жастар жабайы табиғаттың тазалығын сақтау, қоқысты сұрыптау, Ертіс өзенін жаңаша тазарту және өзге де бағыттардағы идеяларын ортаға салды.

Соңғы жоба дренаж құбырының шығысындағы тордан құралған.

Құрылғы құбырдың басында қоқысты ұстап, судың кедергісіз ағуына мүмкіндік береді. Қатысушылардың білімдерін тіл кафедраларының өкілдері мен жоғары оқу орнындағы көптілді білім беру орталықтарының мамандары бағалады.

Жеке есепте гуманитарлық-педагогикалық факультетінің студенті Айсана Сахимзадинова бірінші орынға ие болды.

Екінші орынды агротехнологиялық факультеттің студенттері Айгерім Хисамитова мен Ақмарал Мықтыбаева өзара бөлісті.

Үшінші орын тұғырынан Алуа Әмірова (АТФ), Лейла Мусина (МЖжКФ), Камила Нурушева (ГПФ) көрінді.

Ал командалық есепте ХТжЖФ-нің студенттері бірінші орын иегері атанды.

Екінші орын иегерлері - ЭФ, СҚФ және ГПФ.

Үшінші орын иегерлері - МЖФ, ФМФ және АТФ.