«Павлодартұз» кәсіпорны Екібастұз өңірінде 2 МАЭС аумағында орналасқан көлде зерттеу жұмыстарын бастады. С. Торайғыров атындағы ПМУ мамандары кәсіпорын тарапынан жабдықты іске қосу барысында ғылыми қолдау көрсетеді.

Нақтырақ айтқанда, жоғары оқу орны сарапшылық тарап ретінде электр желісін монтаждау, электр двигательдерінің ақаулары барысын диагностикалау бойынша әзірлемені енгізбек. Оның авторы - Новожилов Александр Николаевич.

Жалпы, кәсіпорын ғалымдармен байланыс орнатуға қызығушылық танытып отыр. «Павлодартұз» бен ПМУ бірлесіп отандық әзірлемені енгізбек.