Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи манополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мұрат Оспанов студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамына дәріс оқыды.

Өз дәрісінде Мұрат Сағынтайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының монополияға қарсылық қызметіне арналған 53-інші қадамын кеңінен тарқатып өтті.

Сондай-ақ, дәріскер бәсекелестіктің негізгі қағидаттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Мұрат Сағынтайұлы нормативті-құқықтық актілерін талқылап, ҚР монополияға қарсы заңнамасын бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік туралы терең түсінік берді.  

Дәріс соңында қонақ студенттердің оқу үрдісіне қажетті Қазақстан Республикасының бәскелестік құқығы саласы бойынша кітаптар мен оқу құралдарын сыйға тартты.

«Бұл кітаптар жалпы қай бағытта болса да білім алып жүрген студенттеріміздің қажетіне жарайтыны сөзсіз», – деп баға берді сый-тартуларға мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің деканы Тахир Эрназаров.