С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Инновациялық экономика кадрларын даярлау үшін Springer ресурстарын пайдалану» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.

Ғылыми дәрісті Springer Қазақстан компаниясының лицензияланған менеджері Ирина Александрова жүргізді. 

Бұл кездесу белгілі заманауи ақпарттық қорлар мен Springer компаниясының электрондық қорларының белсенді қолданушылар санын көбейту, импакт-факторы (Thomson Reuters) бар және Scopus-те индекстелген рейтингтік Springer журналында қазақстандық ғалымдардың жариялану белсенділігін арттыру мақсатын көздеді. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ғылым және инновациялар департаментінің ұйымдастыруымен өткен семинарға университет оқытушылары, докторанттары және магистранттары қатысты.  

Семинарда Ирина Александрова бүгінгі күні ғылыми ортадағы өзекті мәселелердің бірі – рейтингтік басылымдарда ғылыми мақалалар жариялау мәселесін қозғады. Дәріскер семинар жұмысына қатысушыларға Springer баспасының журналдары мен мақалаларына толық мәтіндік қолжетімділік туралы ақпаратпен бөлісті. 

Мұнымен қоса, семинар барысында қатысушылар ғылыми мақалаларды басып шығару үшін журналдарды таңдау, сайтта орналасқан автораларға арналған нұсқаулықты дұрыс пайдалану, ғылыми мақалаларға қойылатын техникалық, мазмұндық талаптарды орындау, мақалалардың басылып шығу мүмкіншіліктерін арттыру әдістерімен танысты. 

Техника магистрі Қуаныш Бектұровтың пікірінше, ғалымдар үшін импакт-факторы бар шетелдік рейтингілік журналдарда мақалаларды басып шығару стратегиясын талдау, ғылыми бағыттар бойынша журналдарды іздеу жөніндегі құнды кеңестер таптырмас тәжірбие болды.

– Семинар көп жоспарлығымен ұнады. Қазақстандық ғалымдардың шетелдік ғылыми журналдарда, ақпарттық ресурстардың берілген базасында болу қажеттілігіне қарай Springer компаниясының үш тілді жетік меңгерген маманы ғылыми мақлаларды жариялау туралы толық ақпарат береді, – деді Қуаныш Бектұров.