С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамына ИИД МБ-2 жүзеге асыру барысында Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Неміс экономикалық қорының SES бағдарламасы аясында бас сарапшы, техн.ғ.д. Гизела Элизабет Бартхольд семинар өткізді.

SES (Бас сарапшылардың қызметі) – бұл зейнеткерлік жастағы бұрынғы басшылық қызметте болған қызметкерлер мен мамандарды әлемнің түрлі елдеріндегі жобаларға жіберетін германдық жоба.

Элизабет Бартхольдтің болат қорыту және болат өндірісінің сұрыптық прокаты бойынша зерттеу нәтижесі Германия, Жапония, Корей және Қытай өндірістерінде тәжірибеге енгізілген. 

Шетелдік ғалымның семинарлары метеллургия, машинажасау және көлік факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы үшін болат сапасын арттыру, прокаттау бойынша инновациялық технологияларды жасау және өндіріске енгізудің неміс мемталлургиялық компанияларындағы тәжірибесін зерттеуге, сондай-ақ,  кәсіпорындардың бәскелестігі және Қазақстан кәсіпорындарындағы олардың бейімделу мүмкіндігіне бағытталған. Семинар тақырыбы: «Германиядағы болат құю өндірісіндегі жаңа металлургиялық технологиялар».

Бас сарапшының дәрістері Павлодар облысы металлургия саласы қауымдастығының қызығушылығын тудырды. Дәріскердің жүргізген семинарларына университет оқытушыларынан өзге өңіріміздің металлургиялық кәсіпорындарының («Кастинг» ЖШС, «KSP Steel» ЖШС және т.б.) басшылары мен жетекші мамандары қатысты. 

Мұнымен қоса, ИИД МБ – 2 шеңберінде білім алып жүрген магистранттар үшін Гизела Элизабет Бартхольд «Металлургиялық үдерістер және рециклинг»  пәні бойынша дәріс оқыды. Көптілді білім беру концепциясына сәйкес дәріс ағылшын және неміс тілдерінде өтті. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың тіркеу кеңсесінің директоры, техн.ғ.к., қауымд. профессор Петр Быковтың айтуынша, немістің белгілі компанияларынан алған білім біздің зерттеулеріміз бен оқытушылық жұмыстарымызға өз септігін тигізеді.

– Германия металлургиясының алдыңғы қатарлы сарапшыларымен ынтымақтастықта болу алдағы уақытта болатты қорыту, сұрыптық прокат өндірісі және тігіссіз болат құбырларын жасаудағы сапа мәселелерін шешуге оң ықпалын тигізеді», – деді Петр Олегович. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдары неміс сарапшысымен өзара әріптестікте болуы өз жемісін берді: ғылыми қызығушылықтардың ортақ нәтижесі белгіленді, алдағы бірлескен зерттеу жұмыстарының жобасы айқындалды.