С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде профессорлық-оқытушылар құрамы, университет қызметкерлері және спорт ардагерлері арасында «Денсаулық – зор байлық» спорттық жарыстары өтуде.

Спорттық сайыстың ашылу салтанатында С. Торайғыров атындағы ПМУ «Сұңқар» спорт клубының төрағасы Жаудат Аблеев спортшыларға сәтті ойын, зор жеңіс тілеп, жарыс нәтижесіне сай білім және ғылым саласының қызметкерлері арасында өтетін облыстық сайыстарға қатысу үшін университеттің құрама командасы құрылатынын атап өтті.

Сайысқа С. Торайғыров атындағы ПМУ профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және спорт ардагерлерінен құрылған командалар қатысуда.

Спортшылардың тартысты ойыны спорттың жеті түрі бойынша өтті. Оқу орданың спортшылары волейбол, арқан тарту, үстел теннисі, шахмат, гимнастика, күштік көпсайыс, пневматикалық винтовкадан оқ ату сынды спорттың түрлері бойынша бағын сынап бағуда.