Бейсен Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және Қазақ хандығының 550 жылдық рухани мұрасы» атты конференция болып өтті.

Ең әуелі конференцияға келген қонақтар назарына Қазақ хандығының хандар тұлғасын бейнелеу тақырыбын арқау еткен кітап көрмесі ұсынылды. 

Конференцияда қазақ халқының шешендік өнері, Қазақ хандығының 550 жылдық тарихы, заманауи Қазақстанның мәдени мұрасы, болашақ ұрпақтың рухани құндылығы, Мәшһүр Жүсіп ғибраты сияқты тақырыптарда баяндамалар жасалды. 

Конференция барысында онлайн жүйесі арқылы шетелден ғаламдар атсалысып, ұлы жерлесіміздің шығармашылығы жайлы ойларын жеткізді.

Игілікті шара мектеп ұстаздарына шеберлік сабақтарын көрсетумен жалғасын тапты. 

– Шараны өткезуге қол ұшын созған барлық қатысушыларға үлкен рахмет. Осындай шаралар арқылы ұлы ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлын әлем танып жатыр, – дейді С. Торайғыров атындағы ПМУ «Мәшһүртану» ғылыми практикалық орталығының жетекшісі Найля Анафина.