С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «ХХІ ғасыр көсбасшысы» атты зияткерлік ойын-сайысы өтті.

 «Жастар» саяси-құқықтық клубы ұйытқы болған бұл сайысқа әр факультеттің үздіктері қатысты.  Қатысушылар  ойынның «Бәйге», «Блиц сұрақ», «Көкпар» және «Қазақ мақал-мәтелдері» атты кезеңдерінде зияткерлік қабілеттерін танытып, білімдерін шыңдады. Ал білім сайысының ең басты парасы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы негізге алынды. Әр кезеңде ойын тапсырмалары қиындай беріп, студенттердің білімдері сынала түсті. 

Әділқазылар ойын барысында білімі ұшқыр, ойы терең зияткерлерді анықтады. Сәулет-құрылыс факультетінің студенті Биахмет Рахмуханов қанжығасына бірінші орынды байлады. Екінші орынға қол жеткізген физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті – Валерий Есаулков. Ал үшінші орын гуманитарлық-педагогикалық факультеті студенті Даниял Нығметоллаға бұйырды. 

 «Студенттерді белсенділікке тарту мақсатында «Жастар» саяси – құқықтық клубы көптеген шаралар өткізуде. Солардың бірі – бүгінгі өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы. Бұл сайыс студенттердің көшбасшылық қасиеттерін шыңдайды», – дейді «Жастар» саяси-құқықтық клубының төрағасы Досымхан Досымов.