С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ERTYS INVEST – 2015 халықаралық инвестициялық форумы өтті.

Халықаралық форум жұмысы қонақтар мен қатысушылардың инвестициялық жобалар көрмесімен танысудан басталды.

Форум жұмысын Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев ашып, аймақтың экономикалық әлеуетін таныстырды.

Сондай-ақ, жиналғандар назарына Павлодар облысының инвестициялық тартымдылығы баяндалған бейнеролик ұсынылды.

Пленарлық жиынның модераторлық қызметін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сарапшысы Пьер-Ив Люка атқарады.

Ал пленарлық отырысты қатысушылар жаңа экономикалық жағдайлардағы өңірдің инвестициялық әлеуетін іске асыру мәселелеріне арнады. Кәсіпкерлердің халықаралық кездесуінде жаңа экономикалық жағдайдағы облыстың әлеуеті, 2030 жылға дейінгі Павлодар облысының Даму стратегиясын іске асыру, инвесторларды әкімшілік қолдау, жаңа экономикалық жағдайындағы облыстың әлеуеті, ЕАЭО және ДСҰ шеңберіндегі бәсекелестік тақырыптары аясында мәселелер қозғалды.

Форумның пленарлық кездесуінде Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев, Новосібір облысының губернаторы Владимир Городецкий, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Strategy Partners Group» компаниясының президенті Александр Идрисов, «Инновациялық технологиялар паркі» автономиялық кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков, «Қазақстандық қор биржасы» АҚ басқарама төрағасы Есжан Біртанов сөз сөйледі.

Мұнымен қоса, ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңес мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев университеттің ИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатқан жұмыстарына тоқталды. «ИИД МБ бойынша өңірдегі кәсіпорындарға кадрлар дайындаудамыз, студенттер мен оқытушылар тың жобаларды дүниеге әкелуде. Ендігі мәселе, осы жобаларды комерцияландырып, табысты жобаларға айналдыру. Мақсат – университеттің технологиялық орталықтары мен зертханаларында оқытушылар мен студенттер стартап жобаларды жасап, одан өздері пайда табуы керек», – дейді университет басшысы.

ҚР Инвестиция және даму министрі өз сөзінде университет жоғары білім ошақтары жаңа бағыт бойынша жұмыс істеу қажеттігін айтып өтті. «Павлодар мемлекеттік университеті өңірде ғана емес, Қазақстан бойынша білім орталғы болуды мұрат еткені жөн. Егер университет білім орталығы болмаса, онда даму, алға жылжу, жаңашыл болу қиынға соғады. Ал С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ірі білім орталығына айналатынына сенім артамын», – деді Әсет Өрентайұлы.

Кездесу соңында ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевке «С. Торайғыров атындағы ПМУ Құрметті профессоры» атағы берілді.

ҚР Пленарлық жиын соңында екі елдің кәсіпкерлері өзара меморандумдар мен келісім-шарттарға қол қойды. Ал С. Торайғыров атындағы ПМУ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Инновациялық технологиялар паркі» автономиялық кластерлік қорымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Содан кейін, форум қатысушылары мен қонақтар секциялық жиындарда көліктік-логистикалық жүйені және туризмді дамыту, индустриялық-инновациялық даму, ШОБ – өңірлер экономикасының болашақ тірегі, агроөнеркәсіп кешенін дамыту тақырыптары бойынша түйткілді мәселелерді талқылап, болашаққа бағдар жасады.

Және де, «TECH GARDEN STARTUP DAY» start up жобалар байқауы өтіп, үздік жобалар қорытындыланды. Бұл секцияда жиылғандар назарына тау-металлургиялық өнеркәсібі, қауіпсіз қала, Ақылды орта және Е-комерц жобаларының таныстырылымдары ұсынылды. Одан өзге, Павлодар облысының инновациялық жобаларының таныстырылымы көрсетіліп, стартап мектебі жұмыс жасады.