С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры кубогы» атты республикалық КВН «Жайдарман» қазақ лигасының арнайы жобасы өтті.

Бұрын соңды болмаған бұл жобаға еліміздің мықты әзілкештері мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының КВН командалары қатысып, қазақы қалжынның қазаның қайнатып жүрген әзілкештер көрермен қауымға жақсы көңіл-күй сыйлай білді. С. Торайғыров атындағы ПМУ Кубогы бәске тігілген студенттік әзілкештер додасында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің тәрбие жұмысы мен әлеуметтік сұрақтар бойынша департаментінің директоры Ашенов Қайырбай, ПМУ студенттік филормониясының директоры Айнұр Әзімхан, Қазақ КВН Одағының редакторы Дүйсенов Бекзат, «Шығармашылық жобалар орталығы» бірлестігінің төрағасы Айтбаев Төлеген және ПМУ магистрі Коныратбаев Олжас қазылық етті.

Сонымен Астана, Алматы, Семей, Арқалық, Қостанай, Рудный, Ақсу, Екібастұз, Өскемен, Павлодар қалаларының 12 командалары өз өнерлерін ортаға салды.

Нәтижесінде Бас жүлде және ПМУ ректорының Кубогы Семей қаласынан келген «Достар» командасына бұйырды, ал «Чехов аялдамасы» (Павлодар қаласы, ПМУ) – 1 орын, «90-60-90» (Семей қ-сы) – 2 орын, «Манго-танго» (ПМУ, Павлодар қ-сы) - 3 орындарды иеленді. Ал «Ең үздік әзіл» номинациясы бойынша «Арқалық» командасы марапатталса, «Ең үздік команда» Семей қаласының «Азия» командасы аталды.

Сондай-ақ, 2014 жылғы «Жайдарманның» Жоғары лига чемпионы Бекзат Дүйсеновтың редакторлық жұмысы көрермен назарына ұсынылды.