С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенті Дмитрий Федькович спорттық акробатика бойынша Азия чемпионатынан жеңіспен оралды.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт кафедрасының студенті Дмитрий Федькович Қытайдың Хань Чжоу қаласында өткен спорттық акробатика бойынша Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.

Дмитрий акробатикалық гимнастика бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының Кубогының иегері, әлем чемпионы.

Дмитрий Федькович спорттық акробатикадан республикалық жарыстарда әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуде. Ол өзінің серіктесі Ангелина Яницкаямен бірге барлық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Олар көптеген беделді спорттық сайыстар мен халықаралық турнирлерде қанжығаларына ірі жеңістерді байлап келген.

Олар 2014 жылы Минск (Белоруссия) қаласында өткен халықаралық турнирде спорттық акробатикадан және акробатикалық жолда секіру бойынша Л. И. Лившиц Кубогіне ие болды.

Бұл жұп 2014 жылдың шілде айында Париж қаласында өткен спорттық акробатика бойынша әлем чемпионатының жүлдегері атанып, Омск қаласында өткен жалпыресейлік ашық турнирде еңбек сіңірген спорт шебері Ю. Зинуков атындағы жүлдені жеңіп алды.