С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білімденудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері облысымыздың бірнеше аудандарында семинарлар мен дәрістер өткізді.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білімденудің инновациялық технологиялары ҒПО қызметкерлері Павлодар облысының Баянауыл, Шарбақты, Екібастұз аудандарында дәрістер мен семинарлар ұйымдастырды.

Семинарлар мен дәрістердің мақсаты – облыс мектептерінің мұғалімдері үшін білім беру саласына білімденудің инновациялық технологияларын енгізу және пайдалану.

Аталған семинарлар мен дәрістердің модераторы Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білімденудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығының директоры, пед.ғ.д, профессор Еңлік Жұматаеваның айтуынша, қазіргі таңда әлемнің барлық елдерінде инновациялық технологиялардың рөлі мен мағынасы – білім беру, экономика және мәдениет саласында бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру. «Осындай оқытудың мазмұны оқу үдерісінің адамның әлеуетті мүмкіндігі мен оның жүзеге асырылуына бағдарланған», – дейді Еңлік Өсербайқызы.

Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білімденудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері Павлодар облысының білім беру мекемелерімен тығыз ынтымақтастықта болып «Ваучер – модуль жүйесі: «Жалпы білім беретін және жаңа типті мектептерде білімденудің инновациялық технологияларының ғылыми негізі» тақырыбында дәріс-семинарлар жүргізді.

Шарбақты ауданында өткізілген дәріс-семинардан соң Шарбақты ауданының білім беру бөлімінің басшысы Баян Омарова: «Қазіргі уақытта мұғалімдер педагогикалық технология мен инновациялық технология айырмашылығын қате түсінуде, дәріс-семинар барысында дәріскерлер осы екі технологияның айырмашылығын толық ашып берді», – дейді. Баян Шортайқызы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білімденудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы өткізген мазмұнды семинар үшін алғыс білдіріп, аудан мектептерінің орталықпен әрі қарай тығыз байланыста жұмыс жасайтынын айтты.

Дәріс-семинарлар барысында мұғалімдерге оқылған дәрістер бойынша слайдтар ұсынылып, соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.